
Заң мен тәртіп қағидатын іске асыру мақсатында Полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Селбаев Тлекберген Дүйсенбайұлы, бөлімнің КПБ бастығы, полиция майоры А. Абдуразаков, ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Ж. Сарбасова, аудандық аурухананың психологы Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы және №12 жалпы білім беретін мектеп директорының қатысуымен 8–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты:
Кәмелетке толмағандар арасында кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алу, атап айтқанда:
• ерте жүктілік;
• буллинг және кибербуллинг;
• топтасып төбелесу;
• интернет-алаяқтық;
• нашақорлықтың алдын алу.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және зиянды әрекеттердің құқықтық салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мамандар тарапынан нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды профилактикалық шаралардың бірі болып табылады.