Полиция әлеуметтік желі мониторингі арқылы құқық бұзушыны анықтады

Полиция әлеуметтік желі мониторингі арқылы құқық бұзушыны анықтады

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасын және «Сүзгілік бақылау бекеті» шарасын өткізді. Аталған іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады.

Мониторинг нәтижесінде тіркелген құқық бұзушылық бойынша патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жедел түрде әрекет етіп, оқиғаға қатысы бар жүргізушінің жеке басын анықтады. Заң талаптарына сәйкес құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда мұндай профилактикалық іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, тәртіпті күшейтуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ полиция қызметі барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзге азаматтардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DXT6ye_CjsB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==