
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы өңір тұрғындары мен қонақтарын демалыс орындарында қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырады.
Табиғат аясында немесе қала аумағында демалу кезінде қоқысты тек арнайы орындарға тастау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттігі еске салынады.
Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады. Жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жерден өту және бағдаршам талаптарын сақтау ұсынылады. Ал жүргізушілерге жылдамдық режимін бұзбау, жаяу жүргіншілерге жол беру және жолдағы өзара құрметті сақтау қажеттігі ескертіледі.
Қоғамдық тәртіпті бұзу, қоқысты бейберекет тастау және жол ережелерін сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны еске салынады.
Полиция департаменті қауіпсіздік пен тазалық – баршаға ортақ құндылық екенін атап өтеді.
https://www.instagram.com/reel/DXV11r-DOXS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==