
Полицияға жергілікті блогерлер жүгініп, WhatsApp мессенджерінде олардың тек жеке пайдалануға арналған бейнематериалдарының таралғанын хабарлаған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 147-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды — ол қала тұрғыны, кәмелетке толмаған.
Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталуда.
Полиция жеке және құпия материалдарды иесінің келісімінсіз тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.