
Маңғыстау облысында оқушылар арасында жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Полиция қызметкерлері интерактивті сабақ өткізіп, оқушыларға жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге және жеке мобильді құралдарды пайдаланушыларға арналған жол ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар нақты жол жағдайлары талданып, қауіпсіз әрекет ету жолдары көрсетілді.
Сабақтар сұхбат және тәжірибелік тапсырмалар форматында өтті. Оқушылар белсенді қатысып, алған білімдерін мысалдар арқылы бекітті.
Жол қозғалысы жас инспекторларының қойылымы ерекше қызығушылық тудырды. Олар ойын түрінде жолдағы қауіпсіздік ережелерін көрсетті.
Полиция мұндай сабақтар тек ережені үйретіп қана қоймай, балаларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыратынын атап өтті.
Білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде және полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.