Алға қойылған міндеттер мен басым бағыттар талқыланды

Алға қойылған міндеттер мен басым бағыттар талқыланды

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. Мұқанның төрағалығымен Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің 2026 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары бойынша жиналыс өтті.

Іс-шараға департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен аудандық полиция бөлімдерінің жетекшілері қатысты.

Жиналыс барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстылық деңгейі, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасы жан-жақты қаралды.

Сонымен қатар құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, заманауи әдістерді енгізу және халықпен өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен міндеттер айқындалды.