Ақтау қаласында «Іздестіру» операциясы аясында күдіктілер ұсталып, іздеудегі тұлғалар анықталды

Ақтау қаласында «Іздестіру» операциясы аясында күдіктілер ұсталып, іздеудегі тұлғалар анықталды

Ақтау қаласы аумағында 15–16 сәуір күндері құқық бұзушылықтардың алдын алу және іздеуде жүрген тұлғаларды анықтауға бағытталған «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Сондай-ақ, Ақтау қаласының Полиция басқармасына Түрікменстан аумағында іздеуде жүрген 1 азамат жеткізілді.

Сонымен қатар, із-түзсіз жоғалған 1 тұлға анықталып, табылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

https://www.instagram.com/reel/DXPPwlVMjfs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==