Әлеуметтік желідегі фейк аккаунттарға байланысты мектепте тексеру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Әлеуметтік желідегі фейк аккаунттарға байланысты мектепте тексеру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде, соның ішінде TikTok платформасында мектеп басшысының орынбасарлары мен бір топ ұстаздардың фотосуреттерін пайдалану арқылы фейк аккаунттар ашылып, жағымсыз сипаттағы трендтердің таралуы байқалды.

Осы жағдай “IT мектеп-лицейі” КММ-де орын алған. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді.

Аталған мәселе толық тексеріліп, тиісті ақпараттар анықталды. Тексеру нәтижелері белгілі болғаннан кейін сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, мектеп психологы және мектеп инспекторының қатысуымен жиналыс өткізіліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында жағдай жан-жақты талқыланып, аталған оқушының ата-анасы мектепке шақырылып, болған жағдай толық түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылармен және ата-аналармен бірлескен тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп, әлеуметтік желіні пайдалану мәдениеті, жеке жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтары туралы кеңінен айтылды.

Оқушы өз әрекетін толық мойындап, кешірім сұрау мақсатында бейнеүндеу жолдады.

Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытындағы тәрбие жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

 

https://www.instagram.com/reel/DXPR_iNMadz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==