
Маңғыстау тұрғындары атыс қаруын және оқ-дәрілерді ақшаға тапсыра алады.
Іс-шараның мақсаты – қарудың заңсыз айналымының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Ақшалай сыйақы алу үшін заңсыз сақталған қаруды тапсырғысы келетін азаматтар тұрғылықты жері бойынша аудандық полиция бөліміне жүгініп, өтініш беруі қажет.