
Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ерғали Искаков республикалық маңызы бар тас жолда жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, Ерғали Жандуллаұлы 2006 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарады. 2017 жылы өрт кезінде екі жасөспірім мен олардың ата-анасын құтқарып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы №11292 Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Сонымен қатар, Бейнеу ауданы Полиция бөлімі ҚҚБ ЮПТ КТІЖ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Қалдығареев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де және Сарға селосындағы «Жангелдин жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ата-аналар мен оқушылармен жиналыстар өткізді.
Жиналыстар барысында жасөспірімдер арасында орын алатын құқықбұзушылықтардың себептері талқыланып, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу, білім беру ұйымдарымен бірлескен профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.
Ата-аналар мен жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертіліп, құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ бітіруші түлектерге оқу жылын тыныш әрі қауіпсіз аяқтау қажеттігі ескертілді.