Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Әлжанов Берік Ондасынович, Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің Анықтау тобының аға анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Мәдиев Нұрлыбек Орынбасарұлы және ҚҚБ ЮПТ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты С. Сатыбаев «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Б. Қалиев атындағы жалпы білім беретін мектепте КММ жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында орын алатын құқықбұзушылықтардың себептері талқыланып, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу, білім беру ұйымдарымен бірлескен профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.

Ата-аналар мен жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертіліп, құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, бітіруші түлектерге оқу жылын тыныш әрі қауіпсіз аяқтау қажеттігі ескертілді.

https://www.instagram.com/p/DXMWZa8jEfK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==