
Маңғыстау облысы Полиция департаментінен келген нұсқау хатқа сәйкес, Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау мақсатында республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында «сүзгілік бақылау бекеттерін» ұйымдастыруда.
Аталған бекеттер көлік ағынының жылдамдығын төмендетуге және жүргізушілерді іріктеп тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жолдардағы апаттылық жағдай тұрақты бақылауда ұсталады.
«Сүзгілік бақылау бекеттері» жолдың жүру бөлігін уақытша тарылту арқылы жүзеге асырылады.
https://www.instagram.com/reel/DXHc1Hripqi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==