Ювеналдық полиция тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Ювеналдық полиция тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Ювеналдық полиция тобының инспекторлары көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жылы мезгілдердің басталуына байланысты пәтерлердің терезелері жиі ашық қалып, өкінішке қарай, балалардың абайсызда терезеден құлап кету фактілері тіркелуде. Мұндай оқиғалар балалардың түрлі дене жарақаттарын алуына, кей жағдайда қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері ата-аналар мен тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Негізгі ұсыныстар:

  • терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын немесе темір торлар орнату;
  • балаларды қараусыз қалдырмау;
  • терезе маңына жиһаз қоймау;
  • москиттік торларға сенбеу (олар баланы ұстап қала алмайды).

Әрбір ата-ана баласының қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс.

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

https://www.instagram.com/reel/DXLrqOwivxe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==