Кадрлық бөлімше өкілі оқушылармен қызметке қабылдану мәселелері бойынша кездесу өткізді

Кадрлық бөлімше өкілі оқушылармен қызметке қабылдану мәселелері бойынша кездесу өткізді

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Басбаев Алибек Ибраимович, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Жақсыбаев Берген Ерболатұлы, аталған академияның 4-курс курсанттары және Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Е. Абилов Маңғыстау ауылында орналасқан «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде жедел-іздестіру қызметі және тергеу-криминалистикалық мамандандырулары бойынша «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы аясында жоғары заңгерлік білімі бар мамандар даярлау және оқушыларды полиция қызметіне тарту.

Кездесу барысында оқушыларға полиция қызметінің ерекшеліктері, оқуға қабылдау талаптары, оқу кезеңіндегі әлеуметтік кепілдіктер мен қызметтік болашағы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

https://www.instagram.com/reel/DXL9K03iv4o/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==