Мұнайлы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары қорытындыланды

Мұнайлы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары қорытындыланды

Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінде 2026 жылдың І тоқсаны бойынша қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Есепті кезеңнің нәтижелері бойынша жедел-қызметтік қызметтің жай-күйі талқыланған кеңес өтті. Жиынға Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жумагулов Ильяс Байжуманович қатысты.

Кеңес барысында:

  • аудан аумағындағы жедел жағдайға жан-жақты талдау жасалды;
  • құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қарастырылды;
  • қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытындағы басым міндеттер айқындалды.

Сонымен қатар, бөлім басшылығы мен жеке құрамға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттары белгіленді.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты міндеті.

https://www.instagram.com/reel/DXMUaeJikUf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==