
Жаңаөзен аумағында құқық қорғау органдары есепте тұрған тұлғаларға қатысты жоспарлы профилактикалық тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында олардың тұрғылықты жері, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, отбасылық байланыстары, мінез-құлқы және заң талаптарын сақтау деңгейі жан-жақты зерделенді.
Учаскелік полиция инспекторлары тарапынан профилактикалық әңгімелер өткізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қайта қылмыс жасауға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, есепте тұрған азаматтардың қоғамға бейімделуі, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және әлеуметтік қолдау тетіктері бойынша кеңестер берілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың заңға бағыну мәдениетін арттыру мақсатында тұрақты түрде жүзеге асырылады.
https://www.instagram.com/reel/DXJJ_2FDZnI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==