Бейнеу ауданында психокоррекциялық жұмыстар жүргізілуде

Бейнеу ауданында психокоррекциялық жұмыстар жүргізілуде

Бейнеу аудандық сотының қаулысы негізінде психокоррекциялық жұмыстар тағайындалған тұлғаға қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Аталған қаулыны орындау мақсатында FSM Social ақпараттық жүйесі арқылы Бейнеу ауданының Отбасын қолдау орталығына тиісті мәліметтер жолданып, психолог маман тарапынан кәсіби көмек көрсету үшін белгіленген тәртіпте сигнал енгізілді.

Қазіргі уақытта аталған тұлғамен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, психологиялық түзету шаралары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, оның мінез-құлқын оң бағытқа өзгерту мақсатында орталықпен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілген.

Қабылданған шаралардың орындалуы бақылауға алынып, алдағы уақытта нәтижесіне қарай қосымша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

https://www.instagram.com/reel/DXGefR0DEpS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==