«Құқықтық тәртіп»: өңірдегі бақылау мен қауіпсіздік артты

«Құқықтық тәртіп»: өңірдегі бақылау мен қауіпсіздік артты

В Мангистауской области проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Правопорядок».

Маңғыстау облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қоғамдық орындарда, автожолдарда және адамдар көп шоғырланатын аумақтарда құқықтық тәртіпті сақтау қатаң бақылауға алынған.

Іс-шара барысында көлік құралдары тексеріліп, азаматтардың жеке басы анықталуда. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бөлек, түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына рейдтік тексерулер ұйымдастырылуда.

Аталған шаралар өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DXB2dq8DEwm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==