
«Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары, криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері және ветеринариялық станция мамандарымен бірлесіп, ет өнімдерін сататын 8 сауда нүктесіне тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Ет өнімдері сатылатын сауда орындарын аралау кезінде инспекторлар сатушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🥩 Тексеру барысында сатылымдағы ет өнімдерінің заңдылығы, тиісті құжаттарының болуы және ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуы назарға алынды.
🔍 Тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ, бұл бұған дейін жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесі деуге болады.
✅ Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ халыққа сапалы әрі қауіпсіз өнім ұсынылуын қамтамасыз ету.