
Қазақстанның Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов 1971 жылғы 3 сәуірде дүниеге келген.
⚔️ Ол 2011 жылы қызметтік міндетін атқару барысында қылмыскерді залалсыздандыру кезінде ерлікпен қаза тапты.
⭐ Биыл батырдың туғанына 55 жыл толуына орай, оның батылдығы мен ерен ерлігін ұлықтау мақсатында «№5 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Жас сақшы» кадет сыныбы оқушыларына арналған тәрбиелік және идеологиялық іс-шаралар өткізілді.
🇰🇿 Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты:
• қызметтік борышқа адалдықты дәріптеу;
• патриотизмді насихаттау;
• Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті қалыптастыру.
🏅 Ғазиз Байтасовтың ерлігі – ел жадында мәңгі сақталып, жас ұрпаққа үлгі болып қала береді.
https://www.instagram.com/reel/DW3Y0o9CmX0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==