Құқық бұзушылықтың алдын алу: өңірдегі шаруа қожалықтары тексерілді

Құқық бұзушылықтың алдын алу: өңірдегі шаруа қожалықтары тексерілді

«Құқықтық тәртіп» және «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында

«Құқықтық тәртіп» және «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Мұнайлы ауданы учаскелік полиция инспекторлары бекітілген әкімшілік аумақтарда белсенді жұмыс жүргізуде.

🔍 Іс-шара барысында қызмет көрсетілетін аумақта орналасқан 10 мал шаруашылығы нысаны тексерілді.

📋 Тексеру барысында:
• ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және бағу қағидаларының сақталуы зерделенді;
• шаруашылық иелерімен түсіндіру әңгімелері жүргізілді;
• құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңестер берілді.

⚖️ Сонымен қатар, мал бағу қағидаларын бұзған шаруашылық иелеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

🐄 Полиция қызметкерлері азаматтарды малды қараусыз қалдырмауға, белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және мал ұрлығының алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DW5qqY_ioG0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==