“Amanat” партиясында қиын жағдайға тап болған жанұялар мәселесі талқыланды

“Amanat” партиясында қиын жағдайға тап болған жанұялар мәселесі талқыланды

Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының полиция инспекторлары отбасылардың жағдайын зерделеу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуде.

“AMANAT” партиясында Жаңаөзен қаласында анықталған қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету мәселелері қаралды.

Жиынға “AMANAT” партиясы хатшысының орынбасары А. Исаева, Жаңаөзен қаласы Білім бөлімінің өкілі Г. Паизова, Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны М. Абиева, Отбасын қолдау орталығының басшысы Н. Өтегенов, сондай-ақ Кендірлі ауылы әкімдігінің өкілі қатысты.

Кездесу барысында қиын жағдайға тап болған отбасыларды әлеуметтік қолдау, олардың мәселелерін дер кезінде анықтау және тиісті көмек көрсету тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиынға қатысушылар әрбір отбасының жағдайын жеке қарастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және көмек көрсету жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

📌 Шараның мақсаты – қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету, әлеуметтік мәселелердің алдын алу және азаматтардың өмір сапасын жақсарту.

https://www.instagram.com/reel/DW6Ng2CjQLN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==