ПОЛИЦИЯ ЕСКЕРТЕДІ: ТҮНГІ ОЙЫН-САУЫҚ ОРЫНДАРЫ БАҚЫЛАУДА

ПОЛИЦИЯ ЕСКЕРТЕДІ: ТҮНГІ ОЙЫН-САУЫҚ ОРЫНДАРЫ БАҚЫЛАУДА

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қоғам белсенділерімен бірлесіп, түнгі ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Тексеру барысында қоғамдық тәртіптің сақталуы, белгіленген уақыт талаптарының орындалуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру фактілері ерекше бақылауға алынды.

Рейд нәтижесінде заң талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, мекеме иелеріне ескерту жасалды. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.

Заң бұзушылықтарды байқаған жағдайда 102 нөміріне хабарласу қажет.

https://www.instagram.com/reel/DW5YjnHiBB-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==