
Жедел-профилактикалық «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері азаматтық қару иелеріне тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында қаруды сақтау талаптарының сақталуы, тиісті рұқсат құжаттарының болуы және қауіпсіздік шараларының орындалуы ерекше назарға алынды.
Іс-шара нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, қару иелеріне заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құқық қорғау органдары азаматтарды қаруды сақтау мен пайдалану кезінде белгіленген талаптарды мүлтіксіз орындауға шақырады. Бұл – жеке қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің маңызды кепілі.
https://www.instagram.com/reel/DW516YujY9W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==