Маңғыстау облысында полиция ардагерлері құрметті демалысқа шығарылды

Маңғыстау облысында полиция ардагерлері құрметті демалысқа шығарылды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасында ішкі істер органдарында ұзақ жылдар қызмет атқарған ардагерлерді құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтті.

Салтанатты шара барысында әріптестері полиция полковниктері Асқар Джайлаубаев пен Ерлан Кезбаевты, сондай-ақ полиция подполковнигі Лейла Саидованы зейнетке шығуымен құттықтады. Олар қызмет барысында көрсеткен жоғары кәсібилігі мен адалдығын ерекше атап өтті.

Аталған қызметкерлер ішкі істер органдарында көпжылдық тәжірибе жинақтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосты.

Іс-шара соңында әріптестері ардагерлерге алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасылық амандық және жаңа өмір кезеңінде табыс тіледі.