Алаяқтық қоңыраулардан сақ болыңыз – полиция ескертеді

Алаяқтық қоңыраулардан сақ болыңыз – полиция ескертеді

Полиция департаменті азаматтарға телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге қатысты ескерту жариялады. Соңғы кездері кейбір қылмыскерлер SMS кодтар мен «қауіпсіз шот» схемасын пайдаланып, банктік есепшоттардан ақша ұрлауда.

Алаяқтар көбінесе өздерін «Қазпочта» немесе банк қызметкері» ретінде таныстырады. Алдымен SMS кодты сұрап, кейін сіздің атыңыздан кредит рәсімделіп жатқаны туралы хабарлап, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуын талап етеді. Зардап шегушілер кейде үлкен қаржылай шығынға ұшырап, тіпті мүлкін сатуға мәжбүр болады.

Полицияның ескертуі:

  • SMS кодты ешқашан бөтен адамдарға айтпаңыз.
  • «Қауіпсіз шот» деген жоқ – бұл алаяқтардың айласы.
  • Мұндай қоңыраулар кезінде сөйлесуді дереу тоқтатып, банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Азаматтардан өз қаржыларын қорғап, сақ болуды сұраймыз.