
Маңғыстау облысында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға облыстық Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік және Криминалдық полиция басқармаларының, сондай-ақ ветеринария басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мал ұрлығының алдын алу, құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын талдау, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қарастырылды.
Қатысушылар малды бірдейлендіру және есепке алу жүйесін жетілдіру, ветеринариялық бақылауды күшейту, ақпарат алмасуды дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары талқыланып, салааралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігі атап өтілді.
https://www.instagram.com/reel/DW3xrWUDCKF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==