Бейнеу ауданында жедел-профилактикалық іс-шаралар күшейтілді

Бейнеу ауданында жедел-профилактикалық іс-шаралар күшейтілді

Бүгін Бейнеу ауданы полиция бөлімінде бөлім бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры Искаков Ерғали Жандуллаевичтің төрағалығымен жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізуге байланысты жеке құрамға арналған жиын өтті.

Жиын барысында қызметкерлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың тыныштығын сақтау бағытында нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, күшейтілген режимде қызмет атқару қажеттігі атап өтілді.

Қазіргі уақытта аудан аумағында «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП», «БЕКІРЕ-2026», «МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ЖОЛ ЖОҚ» жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде.

Аталған шаралар аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарының сақталуын бақылау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда.

Бейнеу ауданы полиция бөлімі