
Бөлімнің тергеу бөлімшесінің қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан тергеуші Исанов Асиса Қошмұханұлының рухына тағзым ету мақсатында оның отбасына арнайы барып, құрмет көрсетті.
Іс-шара аясында қызметкерлер «№5 жалпы білім беретін мектеп» КММ жанынан ашылған «Жас сақшы» кадет сыныбына барып, жас буынмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында батырдың ерлігі мен адалдығы үлгі ретінде айтылып, жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беруге бағытталған әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ, оқушыларға шағын сыйлықтар табысталды.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Исанов Асиса Қошмұханұлының жарқын бейнесі мен ел алдындағы еңбегі әрдайым жадымызда сақталады.