Облыста құқықтық тәртіпті күшейту жөніндегі шаралар басталды

Облыста құқықтық тәртіпті күшейту жөніндегі шаралар басталды

Сіздерге хабарлаймыз, 2026 жылғы 7–11 сәуір аралығында Маңғыстау облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мақсатында «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізіледі.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, жолдарда және халық көп жиналатын аумақтарда құқықтық тәртіпті сақтау бойынша күшейтілген бақылау жүргізеді. Сондай-ақ көлік құралдарын тексеру, жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау жұмыстары жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, облыс тұрғындары мен қонақтарын:

  • қоғамдық тәртіпті сақтауға;
  • Қазақстан Республикасының заң талаптарын қатаң ұстануға;
  • жол қозғалысы ережелерін бұзбауға;
  • полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Баршаңызды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырамыз.