
1 сәуірден 31 сәуірге дейін республика аумағында «Бекіре» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Осы шара барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің патрульдік батальоны қызметкерлері құқық бұзушылық фактісін анықтады.
Заң бұзушылық Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Оперативтік басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелді.
ЦОУ инспекторы Р. Алматов дереу әрекет жасап, күдіктіні ұстауды ұйымдастырды.
Ақтау қаласындағы МАЭК маңындағы айналма жолда автокөлік тоқтатылып, тексерілді. Тексеру кезінде көліктен шамамен 40 кг заңсыз тасымалданған қызыл балық табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланбауға шақырады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету — әрбір адамның ортақ міндеті.
сайт Polisia.kz : https://polisia.kz/ru/za-nezakonnuyu-perevozku-krasnoj-ryby-zaderzhan-grazhdanin-v-aktau/