
2026 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша Оңды ауылында бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ғ. Құсаинов халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында бөлім бастығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың ашылу деңгейін арттыру және тұрғындармен өзара іс-қимылды нығайту бойынша атқарылған шараларды баяндады.
Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Алдағы уақытта олардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріле отырып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Іс-шара соңында полиция подполковнигі Ғ. Құсаинов құқық қорғау органдары мен халық арасындағы сенімді нығайту — басты міндет екенін атап өтіп, азаматтарды заң талаптарын сақтауға және құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамауға шақырды.