Бейнеу: полиция қызметкерлеріне арнайы атақтар табыс етіліп, қызметтік дайындық тексерілді

Бейнеу: полиция қызметкерлеріне арнайы атақтар табыс етіліп, қызметтік дайындық тексерілді

Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Е. Изкенов қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтарын табыс етті.

Сонымен қатар, Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің жеке құрамы кешкі саптық жиын өткізді. Жиын барысында қызметкерлердің жеке құжаттары, арнайы құралдары мен қызметтік дайындығы тексеріліп, алдағы міндеттер нақты айқындалды.

Қазіргі таңда жеке құрам бөлінген топтар бойынша қызмет атқарып, демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. Қоғамдық орындарда, көшелерде және ойын-сауық мекемелері маңында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бейнеу ауданы Полиция бөлімі

https://www.instagram.com/reel/DWrYkS2jMCY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==