
Бейнеу ауданы Полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Т. Имандаулетова Абай ЖББМ КММ бастауыш сынып оқушыларына «Жол ережелерін сақтайық» тақырыбында кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдер мен тұрғындардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Кездесу барысында оқушыларға:
Сондай-ақ, тәрбие сағаты барысында балаларға жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты көрнекі материалдар көрсетіліп, практикалық кеңестер берілді. Полиция инспекторы жас оқушыларға жолда қауіпсіз жүріс мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті, ата-аналарға балаларымен бірге жол ережелерін қайталап, қауіпсіздік белдіктерін әрдайым қолдануды ұсынды.
Полиция бөлімі барлық жасөспірімдерді және тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолда және көлікте қауіпсіздік белдігін қолдануға шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DWssDD-DLAG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==