
Маңғыстау облысы, 2026 ж. – Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары, полиция полковнигі К. Утемісовтің басшылығымен Бейнеу ауданы Полиция бөлімінде 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында аудан көлеміндегі криминогендік ахуал, қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ, анықталған кемшіліктер сараланып, алдағы кезеңге нақты міндеттер мен тапсырмалар жүктелді.
Жеке құрамға қызметтік тәртіпті күшейту, тұрғындармен кері байланысты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізу тапсырылды.
https://www.instagram.com/p/DWssw7NDHN5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==