
Ақтау қаласында Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрсейт Оразов жеке құраммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы негізгі міндеттер талқыланды. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындармен сенімді байланыс орнату және ашықтық принципін сақтау маңыздылығы атап өтілді.
Полиция полковнигі Нұрсейт Оразов жеке құрамға заң талаптарын қатаң сақтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды жүйелі түрде жүргізуді және тұрғындармен бірлескен жұмыс арқылы қоғамдық тәртіп пен сенімділікті арттыруды тапсырды.