
Маңғыстау ауылында орналасқан «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ювеналдық полиция тобының инспекторы жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара аудан көлемінде жүргізіліп жатқан «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, буллинг пен кибербуллинг, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, интернет-алаяқтық, есірткі қылмыстары, топтық төбелестер және олардың құқықтық салдары, сондай-ақ жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру.
https://www.instagram.com/reel/DWoQDgJir29/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==