
Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға облыс әкімінің міндетін атқарушы А.Р. Оралов, Полиция департаменті бастығының орынбасары І. Жұмағұлов, Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы С. Айдаров, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, бұрын сотталған тұлғалардың қайта құқық бұзушылық жасау себептері, сондай-ақ мас күйінде жасалатын қылмыстардың жай-күйі қаралды.
Жауапты мекемелердің есептері тыңдалып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігіне талдау жасалды. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы құқықтық мәдениетті арттыру, тәуекел топтарымен профилактикалық жұмысты күшейту және алкогольдік ішімдіктерге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға профилактикалық шараларды күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру тапсырылды.