
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейтін «Sapar Vision» жүйесін орнату жұмыстары аяқталып, 2026 жылғы 3 сәуірден бастап іске қосылады.
Жаңа жүйе өңірдің 45 жол учаскесінде жұмыс істеп, автоматты түрде келесі құқық бұзушылықтарды анықтайды:
– белгіленген жылдамдықты арттыру;
– тұтас сызықты кесіп өту және қарсы жолаққа шығу;
– қауіпсіздік белдігін тақпау;
– көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану.
Жүйені енгізу жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, қауіпті учаскелердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін күшейтуге бағытталған.
Көлік қозғалысын бақылау арнайы құрылғылар арқылы келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
– Ақтау — Жетібай (7);
– Жетібай — Жаңаөзен (4);
– Жаңаөзен — Кендірлі (2);
– Жетібай — Жармыш (4);
– Құрық — Жетібай (1);
– Ақтау — Құрық (4);
– Ақтау — Ақшұқыр (3);
– Таушық (5);
– Таушық — Шетпе (3);
– Таушық — Қияқты (1);
– Ақтау — Форт-Шевченко (1).
Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады.