Маңғыстау облысында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Маңғыстау облысында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы 2026 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында облыс аумағында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілетінін хабарлайды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — браконьерлікпен күресу, заңсыз балық аулау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ бекіре тұқымдас балықтарды қорғау және сақтау.

Аталған кезеңде полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтеді, су айдындарында рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Осыған байланысты облыс тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын қатаң сақтауға және заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.

🌿 Табиғатты бірге қорғайық!