
Бөлімнің ҚҚб бастығының орынбасары, полиция майоры А. Қонысбек және учаскелік полиция инспекторлары аудан тұрғындарымен кездесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шаралар «Қауіпсіз үй», «Демалыс», «Таза Қазақстан» бағдарламалары аясында ұйымдастырылып, интернет-алаяқтық, пәтер ұрлығы және есірткі қылмыстарының алдын алуға ерекше назар аударылуда.
Кездесулер барысында:
✔️ Жеке қауіпсіздік шаралары түсіндірілді
✔️ Онлайн алаяқтықтан сақтану жолдары айтылды
✔️ Күмәнді жағдайларда полицияға жүгіну қажеттілігі ескертілді.
Сонымен қатар тұрғындарға:
🔹 «Көрші бақылауы» қағидаты
🔹 Бейнебақылау орнату
🔹 Домофонды дұрыс пайдалану
🔹 Жеке деректерді қорғау
сияқты маңызды қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
⚠️ Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!