Ақтауда заңсыз есірткі айналымы дерегі анықталды

Ақтауда заңсыз есірткі айналымы дерегі анықталды

2026 жылғы 21 наурызда Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ақтау қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз есірткі айналымымен байланысты құқық бұзушылық дерегін анықтады.

Заңсыз есірткі өндіру, сақтау және тасымалдаумен, сондай-ақ оны тұтынуға арналған притон ұйымдастырумен күдіктелген 43 жастағы азамат ұсталынды.

Күдіктінің жеке тексерісінде келесі заттар тәркіленді:

  • шамамен 8 мл сұйықтық салынған инелер (болжам бойынша – опий);
  • өсімдік тектес зат, иісі бойынша марихуана деп болжануда;
  • ұялы телефон.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекен-жайдан есірткі тұтынуға арналған құралдар мен қолданылған медициналық заттар табылып, тәркіленді.

Осы факт бойынша тәркіленген заттарға сот сараптамасы тағайындалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

https://www.instagram.com/p/DWjIOtYDBFM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==