Маңғыстау облысында студенттер арасында есірткі қылмысының алдын алу бойынша кездесу өткізілді

Маңғыстау облысында студенттер арасында есірткі қылмысының алдын алу бойынша кездесу өткізілді

Маңғыстау облысының полиция департаментінің ЕҚҚІҚБ қызметкерлері, ПД жанынан құрылған кеңес мүшелері және еріктілер Х. Өзбекқалиев атындағы политехникалық колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Дәріс барысында студенттерге есірткі құралдарының заңсыз айналымының зияны, оның адам денсаулығына және қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, есірткіге тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы және құқықтық жауапкершілік мәселелері туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу, құқық бұзушылықтың жолын кесу және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру болып табылады.