Маңғыстау облысында 23–30 наурыз аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп саласында бірқатар құқық бұзушылықтар тіркелді.
Аталған кезеңде:
- Жол-көлік оқиғалары: 26
- Әкімшілік құқық бұзушылықтар: мыңдаған дерек, оның ішінде:
- Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану – 241 (ӘҚБтК 591-бап)
- Қауіпсіздік белдігін тақпау – 298 (ӘҚБтК 593-бап)
- Мас күйде көлік басқару – 9 (ӘҚБтК 608-бап)
- Жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысы қатысушыларына жол бермеу – 300 (ӘҚБтК 600-бап)
- Белгіленген жылдамдықты арттыру – 5485 (ӘҚБтК 592-бап)
- Жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзуы – 300
- Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйде болу – 171 (ӘҚБтК 440-бап)
Жоғарыда аталған көрсеткіштер жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейінің әлі де жеткіліксіз екенін көрсетеді.
Полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысына қатысушыларды:
- Жол ережелерін қатаң сақтау,
- Көлік жүргізгенде мұқият болу,
- Қоғамдық тәртіпті бұзбау
сияқты шараларды орындауға шақырады.