Өмірді сақтаңыз – қауіпсіздік белдік тағыңыз!

Өмірді сақтаңыз – қауіпсіздік белдік тағыңыз!

«Oil Services Company» ЖШС қызметкерлері үшін жол қауіпсіздігіне арналған тәжірибелік оқу-жаттығу өткізілді. Шара барысында мамандарға қауіпсіздік белдігін тағудың маңыздылығы нақты мысалдар арқылы көрсетілді.

Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері арнайы қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Конвинсер» құрылғысының көмегімен жол-көлік оқиғасы кезіндегі соқтығыс әсері көрсетіліп, белдік тақпаудың қандай қауіп төндіретіні тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Қатысушылар жол қозғалысы ережелерін сақтау, жауапкершілікті арттыру және апаттардың алдын алу бағытында ақпаратпен қамтылды. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік белдігі – адам өмірін сақтайтын ең қарапайым әрі тиімді құралдардың бірі.

Ескерту: Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін көлікке отырған әр сәтте қауіпсіздік белдігін тағуды әдетке айналдырыңыз!