
«Сатқанбаев Жолдасқали Қаулабайұлы құрметіне «Жас сақшы» сыныбы ашылды – заң мен тәртіп қағидаты жолында үлгі»
Бүгін Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылында ерекше мәнге ие тағылымды шара өтті. «Опорная» жалпы білім беру ұйымының жанынан Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері, полиция подполковнигі Сатқанбаев Жолдасқали Қаулабайұлының құрметіне арналған «Жас сақшы» сыныбының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан және облыс деңгейіндегі бірқатар құрметті қонақтар қатысты: Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Нұрмағанбетов Таңат Талғатұлы, Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұқан Алмас Мешітбайұлы, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Садақбаев Мұхтар Қанғалиұлы, Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Изкенов Еркебұлан Ермекбайұлы, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәжмұханов Теміржан Күмісқалиұлы және білім бөлімінің басшысы Жәулиев Шоқан Жазықбайұлы.
Кештің құрметті қонақтары ретінде ардагердің жары Төлепбергенова Сайлаугүл Құмарбекқызы және інісі Дүсіпов Жұмабек Қойлыбайұлы қатысты.
Полиция майоры Искаков Ерғали Джандуллаұлы, қазіргі заман батыры ретінде, өз өмір жолын баяндап, жас ұрпаққа ерлік, адал қызмет және заң мен тәртіп қағидатын сақтау жайлы дәріс оқыды. Ерғали Джандуллаұлының ерлігі – жас ұрпаққа патриоттық рух беріп, құқыққа құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруда үлгі болды.
Жаңадан ашылған «Жас сақшы» сыныбы арнайы жабдықталып, заманауи жағдай жасалған, көрнекіліктермен безендірілген. Сыныпта патриоттық бұрыштар жасалып, құқық қорғау органдарының тарихы, ардагерлердің өмір жолдары мен заң мен тәртіпке арналған ақпараттық материалдар орналастырылды.
Сыныптағы тәжірибеден кейін балалардың жүзінен қуаныш пен мақтаныш, антына адал болу қасиеттерін түсінгенін байқауға болады. Оқушылар құқық қорғау органдарының қызметін, заң мен тәртіп қағидаттарын, патриоттық қасиеттерді өз бойларына сіңіруде.
«Жас сақшы» сыныбының ашылуы – жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, заң мен тәртіпті сақтау, құқыққа құрмет пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
«Опорная» жалпы білім беру ұйымының басшылығы полиция қызметкерлеріне ерекше алғыс білдірді. Олар жас ұрпаққа құқықтық тәрбие берудегі еңбегі, оқушыларға заң мен тәртіптің маңызын насихаттаудағы үлгісі үшін полиция ардагерлері мен қазіргі қызметкерлерге ризашылықтарын жеткізді.
Сатқанбаев Жолдасқали Қаулабайұлы 1950 жылы 26 ақпанда Гурьев облысы, Эмба ауданы, Тақыр Бұлақ ауылында дүниеге келген. 1974–2002 жылдар аралығында ішкі істер органдарында қызмет атқарған. 27.06.2002 жылы зейнеткерлікке шыққан, 26.07.2021 жылы дүниеден өтті.