
Маңғыстау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Іс-шара барысында 4 адам ұсталды. Тексеру және тінту кезінде есірткі зат — марихуана (3 кг 700 гр) тәркіленді. Сондай-ақ, мобильді телефондар мен электрондық таразылар заттай дәлел ретінде алынды.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.