Батыр ауылында мектеп оқушыларымен құқықтық түсіндіру кездесуі өтті

Батыр ауылында мектеп оқушыларымен құқықтық түсіндіру кездесуі өтті

Бөлімнің ювеналдық полиция тобының инспекторлары, жедел уәкілдері және патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бірлесе Батыр ауылындағы «№19 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

📍 Аталған іс-шара аудан көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтті.

👮‍♂️ Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

⚠️ Кездесу барысында келесі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

  • Буллинг және кибербуллинг
  • Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
  • Интернет-алаяқтық
  • Есірткі қылмыстары
  • Топтасып төбелесу және оның құқықтық салдары
  • Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау

🔒 Оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары кеңінен түсіндірілді.

https://www.instagram.com/reel/DWDSlUKigRx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==