Ақтауда «Anti-Fraud» іс-шарасы өтті

Ақтауда «Anti-Fraud» іс-шарасы өтті

Ақтау қаласында учаскелік полиция инспекторлары «Anti-Fraud» іс-шарасы аясында тұрғындарға интернет-алаяқтардан сақ болу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды интернет алаяқтықтың жаңа тәсілдерінен қорғау, жеке және қаржылық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Шара барысында тұрғындарға алаяқтар қолданатын кең таралған схемалар, қорғану жолдары, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану шаралары түсіндірілді. Тәртіп сақшылары азаматтарға:

  • SMS-хабарламалардағы кодтарды ешкімге бермеуге;
  • Белгісіз қосымшаларды орнатпауға;
  • Интернеттегі күмәнді сілтемелерге өтпеуге;
  • Жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге

шақырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тұрғындардың интернет және қаржылық сауаттылығын арттыруға, саналы және қауіпсіз цифрлық мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған маңызды профилактикалық шара болып табылады.

https://www.instagram.com/reel/DWLCGegiqkd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==\