Ақтауда интернет алаяқтыққа қарсы рейдтік профилактикалық шаралар өтті

Ақтауда интернет алаяқтыққа қарсы рейдтік профилактикалық шаралар өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында «LIDER.KZ» еріктілер қозғалысының жастар тобы мен киберполиция қызметкерлері бірлесіп Ақтау қаласында рейдтік насихаттау шараларын өткізді.

Шара барысында жергілікті тұрғындарға интернет алаяқтыққа қарсы алдын алу жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындарына қылмыскерлердің қолданатын жаңа схемалары және осындай қылмыстардан қорғану жолдары туралы толық ақпарат берілді.

Ұйымдастырушылар Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының тұрғындарына маңызды ескертулер жасады:

  • Алаяқтардың айла-шарқына алданып қалмаңыздар.
  • SMS-хабарламалардағы кодтарды бермеңіздер және хабарламаларды ешкімге айтпаңыздар, себебі бұл банктік шотыңыздан ақша жоғалтуға әкелуі мүмкін.
  • Үшінші тұлғалардың өтініші бойынша белгісіз қосымшаларды жүктеп, орнатпаңыздар.

Мұндай профилактикалық рейдтер тұрғындардың интернет сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздікті сақтауға және цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара болып табылады.